{metadescription}

Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдері парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдері парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді.

Сенат спикері өзбек тарапына және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Камалқызы Нарбаеваға келесі жылы Самарқанда Орталық Азия мемлекеттерінің парламентаралық екінші форумын өткізуге дайын екендігі үшін алғыс айтты.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесуде жақында өткен қазақ-қырғыз зиялыларының VII форумының маңыздылығы, халықтарды одан әрі мәдени және рухани жақындастыруға ұмтылысы аталып өтті. Осыған байланысты нақтылық пен практикалық мазмұнға баса назар аударып, парламентаралық бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейту қажеттігі айтылды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру үшін заңнамалық негіз құруға басты назар аударылды. Сонымен қатар, тараптар білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Тәжікстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен әңгіме мәдени-гуманитарлық бағыт, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл туралы тезистерді қамтыды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде