{metadescription}
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді.

«Қазақстан халық партиясы 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 32,7 пайызын құрайтын әйелдер, жастар және мүгедектігі бар 17 адам енгізілген. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Оның атап өтуінше, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.

«Парламент Мәжілісі депутаттарының алдығы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылы қаңтарда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауында Қазақстан халқы партиясы сайлаушылар дауысының 9,1 пайызын алған. Осыған байланысты ҚХА сайлау жарнасын төлеуден босатылды», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде