{metadescription}
Семейде монша өртеніп, 2 адам зардап шекті

Семейде монша өртеніп, 2 адам зардап шекті

 Абай облысының өрт сөндірушілері монша кешенін шарпыған отты сөндірді.

10 ақпан кешкі сағат 19.00 шамасында Қаржаубайұлы көшесіндегі монша кешенінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Алдын ала болжам бойынша, жеке тұрған газгольдер үй-жайында газ ағып, жақын маңдағы қазандыққа тараған. Қызыл жалын жалпы 75 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде 2 ер адам зардап шеккен.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Тілсіз жаумен күреске барлығы 8 техника мен жеке құрамнан 27 адам жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде