Павлодар облысында мектеп өртенді
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 07.34-те Тереңкөл ауданы Бобровский ауылдық округінің Жасқайрат ауылында Жасқайрат орта мектебінде
09:11 12.02.2023
«Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде Жасқайрат орта білім беру мектебінің бірінші қабатының төбесі өртенгені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің жану аумағы 25 шаршы метрді құрайды», – деді департаментте.
Тілсіз жау сағат 09:03-те оқшауланып, сағат 09.50-де толығымен жойылды. Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің үш техникасы, 12 қызметкері жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!