{metadescription}
Түркияның кейбір аудандарында құтқарушылар іздестіру жұмысын тоқтатуға мәжбүр

Түркияның кейбір аудандарында құтқарушылар іздестіру жұмысын тоқтатуға мәжбүр

Сенбі күнгі кешкі мәлімет бойынша, Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты. Тірі қалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, бірақ неміс және австриялық құтқарушылар тонау мен атыс салдарынан апат аумағында жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат.

Құтқарушылардың өздеріне қауіп төнді

Екі неміс ұйымы – Германияның халықаралық іздестіру және құтқару қызметі (ISAR) және Германияның техникалық көмек көрсету жөніндегі федералдық агенттігі (THW), одан кейін тағы бірнеше ұйым Түркияның оңтүстігінде құтқару жұмыстарын тоқтатты.

«Әртүрлі топтар арасындағы қақтығыс туралы хабарлар көбейіп келеді, сонымен қатар оқ атқан дыбыстар да естіледі», - деп түсіндірді ISAR өкілі Штефан Хайне.

ISAR және THW Түркияның Азаматтық қорғаныс қызметі Түркия төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) оларға қауіп сейілгенін хабарлаған жағдайда іздестіру жұмысына қайта кірісуге дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Австрия әскерилері Түркиядағы құтқару жұмысын тоқтатқан болатын. Олардың өкілінің айтуынша, кейбір топтар арасындағы атыс-шабыс пен морадерлік құтқарушыларға үлкен қауіп тудырып отыр.

Түрік билігі қақтығыстар немесе атыс туралы хабарлап жатқан жоқ, бірақ ел президенті Режеп Тайип Ердоған сенбі күні жер сілкінісінен зардап шеккен аймақта тонау фактілері бар екенін мойындап, билік шара қолданатынына сендірді.

Еске салайық, Түркиядағы алапат зілзала 6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен басталған еді. Артынан 648 афтершок тіркелді. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Осы күндері зардап шеккен халықты құтқаруға Қазақстан мамандары даатсалысып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде