{metadescription}
Қазақстан аумағында жер сілкінді

Қазақстан аумағында жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» 12 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 08.10-да жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 303 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 8.4.

MPV магнитудасы – 3.8.

Тереңдігі – 15 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

Еске салайық, 10 ақпанда Алматы маңында - екі жер сілкінісі тіркелді. Ошақтары Қырғызстан аумағында орналасты. Сол күні Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Ресей шекарасында жерасты дүмпуі болды. 

11 ақпанда Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 128 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында да бір сілкініс тіркелді. Осы күні Алматыдан оңтүстікке қарай 602 км қашықтықта болған жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасты. 

Ал бүгін түнде сейсмологтар Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 169 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында 3,5 магнитудасымен болған дүмпуді тіркеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде