{metadescription}
Түркияда 155 сағат үйінді астында жатқан бала құтқарылды

Түркияда 155 сағат үйінді астында жатқан бала құтқарылды

Газиантептегі Нурдағы ауданында жер сілкінісі болған соң 155 сағат өткеннен кейін 8 жасар бала үйінді астынан аман құтқарылды.

8 жасар ұл тұрғын үй үйіндісі астынан шығарылған. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті.

Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 19 адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды.

Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзаладан көз жұмған саны 30 мыңға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.