{metadescription}
Шымкент зауытында мұнай өндеу көлемі 2 есе арттырылмақ

Шымкент зауытында мұнай өндеу көлемі 2 есе арттырылмақ

Қазақстан біртіндеп жанар-жағармайдың бағасын нарық тәсілімен белгілейтін жүйеге көшуі мүмкін. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында осындай мәлімет берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұтастай алғанда мұнай өңдеудің экономикалық тартымдылығын қамтамасыз ету және мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі проблемасын жүйелі шешу үшін жанар-жағармайға нарықтық баға белгілеуге жоспарлы көшу мәселесі пысықталуда. Ұзақ мерзімді перспективада ішкі нарықтағы тұтынудың өсіп келе жатқанын қамтамасыз ету мақсатында ірі мұнай өндіру зауыттарының мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту жоспарлануда. Айтарлық, Шымкент мұнай өндеу зауытының өндірістік қуатын 9-12 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарланған (қазіргі қуаты – 6 млн тонна)», - деп жазады Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың мәліметінше, аталмыш жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталу сатысында.

«Жобаны іске асыру мерзімі 2029 жылға қарай күтілуде. Сондай-ақ Павлодар мұнай химия зауытында сұйытылған көмірсутекті газды депарафинизациялау және тазарту блогын интеграциялай отырып, гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жобалары іске асырылуда. Бұл өз кезегінде 2025 жылдан бастап мұнай өңдеу қуатын жылына 600 мың тоннаға (5,5 млн тоннадан 6,1 млн тоннаға дейін) қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді», - делінген жауапта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде