Түркияның бас консулы маңғыстаулықтарға алғыс білдірді
Маңғыстау облысының тұрғындары зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне 1,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:43 12.02.2023
Гуманитарлық көмектің алғашқы легі 11 ақпан күні таңғы сағат 07:40-та «Turkish Airlines» әуе компаниясы арқылы Ақтау - Ыстанбұл бағытында жіберілді.
«Тұрғындардың тарапынан өте көп көмек көрсетілді. Ақтау-Ыстанбұл рейсі ұшағына 1,5 тонна жүк тиелді. Барлығыңызға ризашылық білдіреміз», - деді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекин.
Бас консулдың айтуынша, ұшаққа сыйма қалған және тағы жиналған киімдер келесі рейстермен жолданатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!