Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты шағымдар үш есе өсті
Кейінгі бес жылда отбасындағы зорлық-зомбылық деректері бойынша шағым үш есе өсті.
14:40 13.02.2023
Бұл туралы елордада өткен брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров айтты.
«Сонымен қатар, бұл оқиғалардың 60 пайызы бойынша полицейлер тиісті әрекет жасай алмады. Себебі зардап шеккен адамдар көп жағдайда арыз беруден бас тартып жатады. Сондықтан арыз болмаса, заңнамаға сәйкес полицей отбасының шырқын бұзатын адамдарды жауапқа тарта алмайды. Тиісті жазасын алмаған бұл адамдар тұрмыстағы зорлық-зомбылықты әдетке айналдырып алады», - деді Р. Зұлқайыров.
Оның айтуынша, биылдың өзінде отбасындағы зорлық-зомбылық салдарын 18 адамның өмірі қиылды.
Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен заңнамада аталған қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту қадамдарын пысықтап, заңнамалық өзгерістерді даярлағанын жеткізді.
Бұл тұрғыда отбасында жанжал шығаратын адамдарды жауапқа тарту, әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілікті күшейту ескерілген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!