Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі табылды
10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды.
Фото: gov.tr
15:03 13.02.2023
Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды.
«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді» деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды.
Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясы қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беретін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!