Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды
Бұл жаңалықты Ғани Назарбек есімді экобелсенді өз Facebook парақшасында жариялады.
Фото: facebook.com/syrdaryaturkistan.motp
18:05 13.02.2023
Оның айтуынша, бәйшешек Отырар ауданы мен Арыс қаласының шекарасы маңындағы Сырдария өзенінің жағасында өсіп шыққан.
«Бұл қалыпты жағдай. Күннің жылынуы мен жер қабатындағы ылғалдыәсерінен өсіп шыққан. Өткен жылы қаңтар айында бәйшешек гүлдеп, суырлар оянып кеткен болатын. Биыл бір айға кеш шықты. Мұның өзі де өте қауіпті. Себебі, күн бірден суып кетсе, үсіп кетеді», - дейді экобелсенді.
Дала гүлі сондай-ақ Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының аумағында да бүршік атты.
Ал, әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға оқырмандар тарапынан әртүрлі пікірлер жазылып жатыр.
Мәселен, олардың арасында «Көктем жаңашылдық, бақыт, жақсылық әкелсін!», «Көктем келе жатыр. Соның белгісі», «Наурыздың нышаны» секілді пікірлер бар.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!