Жамбыл облысында нөмірі өшірілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Тараз қаласының полицейлері 12 ақпан күні қаладағы көшелердің бірінен қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен қапшық тапты.
Фото: polisia.kz
19:03 13.02.2023
Polisia.kz басылымының жазуынша, оқиға орынынан полиция қызметкерлері зауыттық нөмірі өшірілген ИЖ-ЗК бір оқпанды тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 4,5 мм калибрлі МР-654К пневматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 85 патронды тәркіледі.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!