{metadescription}

Шымкентте бірін-бірі аяусыз ұрған азаматтардың видеосы тарады

Әлеуемттік желіде түн ішінде Шымкент көшелерінде бірін-бірі аяусыз ұрған азаматтардың видеосы тарады.

Онда екі жігіттің ерегісінің соңы үлкен төбелеске айналған. Тіпті, бірін-бірі басынан ағашпен аяусыз ұрып жатқанын көруге болады.

Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Бейнежазбада көрсетілген жайт Қаратау ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бабы «бұзақылық» бойынша тіркелді. Сондай-ақ, орын алған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түсірілмегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.