{metadescription}

Қазақстанда зейнетақы активтері өсті - Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов зейнетақы активтерінің өскені туралы мәлімдеді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Берік Шолпанқұлов БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері қаңтардың соңында жыл басынан бері 224 миллиард теңгеге немесе 1,5 пайызға артып, 14,8 триллион теңге болғанын айтты.

"Биыл қаңтардан бері инвестициялық кіріс көлемі 66,2 миллиард теңгені, зейнетақы жарналары - 156,1 миллиард теңгені, зейнетақы төлемдері - 21 миллиард теңгені, мерзімінен бұрын алу - 11,4 миллиард теңге болды", - деді Ұлттық банк өкілі.

Зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі шоғырландыру сәтінен бастап 116,9 пайыз, жиынтық инфляция 116,1 пайыз болды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.