Түркияда 185 сағаттан кейін 10 жастағы қыз құтқарылды
Түркия мен Сириядағы жойқын зілзаладан кейін қиранды астынан аман шыққандар саны сиреп барады.
Фото: instagram.com/turknws
12:54 14.02.2023
Соңғы мәліметтер бойынша 185 сағаттан кейін 10 жастағы қыз бала құтқарылды.
Еске салайық, аумақтарда ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталды. Магнитудасы 7,8-ге дейінгі дүмпулер Түркия мен Сирияда ғимараттардың жаппай қирауына әкеп соқты. Эпидорталық аймағында ені 200 метрге жететін жарық пайда болды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Түркияда жүз мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында болуы мүмкін.
Дереккөз: Azattyq Ruhy
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!