Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер марапатталады
Түркиядан аман-есен оралған соң құтқарушылар мен дәрігерлер міндетті түрде марапатталады.
Фото: akorda.kz
13:49 14.02.2023
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.
«Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттаймыз», - деді Президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!