Маусым айында Парламентке «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы енгізіледі
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ғылым және жоғары білім министрлігіне маусым айында Парламентке «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: fcbuh.com
14:25 14.02.2023
«Ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Парламентпен жеке инвестициялар үшін қосымша преференциялар енгізуді пысықтау жұмыстарын жеделдету қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Оның пайымынша, ғылым саласының заңнамалық базасын қайта қарау керек.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп, оны маусым айында Парламентке енгізу қажет», - деді Үкімет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!