Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа емделу үшін елден шығуға рұқсат берілді
Бішкек қаласының Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа емделу үшін елден шығуға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: kabar.kg
15:29 14.02.2023
Айта кетейік, Жоғарғы соттың сот алқасы А. Атамбаевқа қатысты қылмыстық істің жаңадан ашылған мән-жайы бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы адвокаттардың өтінішін қанағаттандырды.
Осылайша, қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы қылмыстық іс Бішкектің Первомай аудандық сотында қайта қаралады.
Первомай сотында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін 11,2 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!