Қырғызстан аумағында жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 15 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 09:24-те жер сілкінісін тіркеді.
Фото: ekonomigundemi.com.tr
10:35 15.02.2023
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.4. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!