{metadescription}

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні пайда болуы мүмкін.

Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды.

Енді 15 сәуірде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні аталып өтуі мүмкін.

Түсіндірме жазбада мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің өздерінің кәсіби мерекелері жоқ екені, бұл олардың біртұтас салаға және кәсіби қоғамдастыққа қатыстылығын сезіну мүмкіндігінен айыратыны атап өтілген.

"Мұндай мерекені кәсіби мерекелер қатарына қосу мемлекеттік қызметшілердің бір салаға, біртұтас кәсіби қоғамдастыққа қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытуға ықпал етеді", - делінген құжатта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.