Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады
Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыханов Желіде дау тудырған ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады.
Фото: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov
16:50 15.02.2023
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазған.
"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған, егер оның кінәсі дәлелденсе6 оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиіс шара қолданылады. Сонымен бірге, мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі заңгерді соққыға жыққаны хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!