Түркияда Қазақстан құтқарушыларының жедел штабы жұмысын жалғастыруда
Түркияда жер сілкінісінің бірінші күнінен бері қазақстандық құтқарушыларының жедел штабы жұмысын жалғастыруда.
Фото: t.me/qr_tjm
17:45 15.02.2023
«Олардың міндеттері төтенше жағдай аймағындағы ахуал туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру; ТЖ күрделенуін және олардың салдарын болжау; ТЖ жою мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Жедел штаб жұмысын үйлестірудің арқасында іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізу үшін бекітілген объектілерде күштер мен құралдарды уақтылы бөлу жүргізілуде», - деп жазды еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Жедел штаб бағынысты күштерді тұрақты басқаруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды жою кезінде басқару органдарымен және күштермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, қолдауға, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз етуге арналған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!