{metadescription}

Доллар бағамы 7 айдағы ең төменгі деңгейге түсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2022 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 3,48 теңгеге төмендеп, 447,29 теңге болды. Доллардың бағамы 2022 жылдың маусымында ғана төмен болған.

Айта кетейік, доллардың 15 ақпандағы ресми бағамы - 451,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 447,13 теңге, сату – 451,32 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,48 теңгеден сатып алынып, 450,58 теңгеден сатылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде