{metadescription}

Президент бірнеше заңға қол қойды

Президент еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлататын заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп жазылған ақпарат көзінде.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Қазіргі кезде Қазақстанның бас бостандығынан айыру мекемелерінде 486 Өзбекстан азаматы жазасын өтеп жатыр. Ал, Өзбекстанда сотталған Қазақстанның 20 азаматы бар. Осы орайда, ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев бұл шарттың әлеуметтік маңызын атап өткен еді. Айтуынша, отбасы мүшелерімен, жақындарымен кездесіп тұру сотталған адамға оң ықпал ететіні сөзсіз. Сотталғандарды түзету мақсаты – тек қана оларды жазалау емес, сонымен бірге тәрбиелік ықпал ету, әлеуметтік байланыстарды сақтау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.