Филиппинде 6,0 балдық жер сілкінісі болды
Бейсенбі күні таңертең Филиппинде магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Филиппиннің вулканология және сейсмология институты мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
Фото: earninginmotion.com
08:44 16.02.2023
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 02:10-да тіркелген, ошағы Лусон аралындағы Масбате провинциясының Батуан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырымдай жерде 10 км тереңдікте болған.
Жерасты дүмпулері Лусон мен Филиппиннің орталық бөлігінде, соның ішінде Албай провинциясындағы Легаспи қаласында, Сорсогон, Солтүстік Самар, Батыс Негрос және Оңтүстік Лейтеде де сезілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,1, тереңдігі 20 км деп бағалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!