{metadescription}

Бүгін Астана мен 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 16 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.