Атырауда 8 жасар баланы бұралқы ит талап тастады
Атырауда 8 жасар баланы бұралқы ит талап тастады.
Фото: tengrinews.kz
11:29 16.02.2023
Басы мен аяғына зақым келген жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға кеше, 15 ақпанда жергілікті уақытпен саған 19:00 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі растады.
«Куәгерлердің айтуынша, кеше кеште 2015 жылғы туған баланы бұралқы ит талаған. Бала травматикалық күйзеліске түскен. Баланың басы мен аяғында жарақаты бар. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оған жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ота жасады. Қазір науқас аталған бөлімде ем-дом шараларын алып жатыр. Дәрігерлерлер науқастың денсаулығын бақылуда ұстап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Атырауда қаңғыбас ит талаған 5 жасар қыз ауруханаға жеткізілген. Атырау қаласының тұрғыны Әсем Байжанның айтуынша, былтыр қаңғыбас ит оның балаларына да, өзіне де бірнеше рет шабуыл жасаған.
«Қабаған ит былтыр мені таламақ болды. Осыған байланысты зоотехниктердің әртүрлі топтарына жазба қалдырдым. Олар менің өзімді кінәлі етті. 2022 жылдың 7 мамырында Азаттық көшесінде бұралқы ит бес жасар жиенім Сафияны қауып алды», -деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бұралқы ит баланың сол жақ бетін, ернін бірнеше рет тістеген. Ауруханада баланың бетіндегі жарақаты тігілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!