{metadescription}
Тәжікстанда қар көшкіні жүріп, 14 адам қайтыс болды
Тәжікстанда қар көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
13:08 16.02.2023
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің мәліметінше, Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында қар көшкіні жүрді.
"13 адам қайтыс болды, Душанбе – Варзоб тас жолының 65-шақырымында (Варзоб ауданы) тағы бір жүргізуші қаза тапты", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!