{metadescription}

«Астана-Петропавл» тас жолында көлік өртеніп кетті

Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тас жолының бойында көлік өртеніп кетті.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпан күні таңертең «Астана-Петропавл» тас жолының 195 шақырымында болған.

«Анықталғандай, Астана бағытында жүріп келе жатқан «Honda Stream» көлігінің капотынан бастапқыда түтін шығып, кейін қызыл жалынға ұласқан. Көлік жүргізушісі 40 жастағы ақмолалық тұрғын аман-есен. Өртті сөндіруге Макинск қаласындағы 8-құтқару өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, көлік толығымен өртеніп кетті», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға жолға шыққанда абай болуға, сондай-ақ, көлік құралын уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өткізу, оның жарамдылығын тексеру, ал өрт шыққан жағдайда дүрбелеңге түспей жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгілі бір іс-қимыл алгоритмін ұстануды еске салады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде