WhatsApp басшысы Telegram-ды қолданбауға шақырды
WhatsApp басшысы Уилл Кэткарт барлық қолданушыларды Telegram-нан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фото: androidinsider.ru
13:26 16.02.2023
Бұл туралы Кэткарт өзінің Twitter парақшасында жазды. Сонымен қатар, ол Telegram мессенджерін пайдаланушылар үшін тиісті қауіпсіздік деңгейі жоқ екенін айтты.
"Telegram әдепкі бойынша басынан аяғына дейін шифрланбайды және топтар үшін E2EE (соңғы шифрлау) ұсынбайды", - деді ол.
Ол сондай-ақ Telegram-да тіпті жабық чаттарды оқуға мүмкіндік беретін осалдық анықталғаны туралы Wired мақаласын келтірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!