Павлодар облысында оқушы бұрыш спрейін шашып, 310 адам мектептен эвакуацияланды
Павлодар облысында оқушы мектепте бұрыш спрейін шашып, 310 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13:41 16.02.2023
Бүгін, 16 ақпан күні Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебіндегі санитарлық бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру түседі. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде спрейді осы мектептің 9-сынып оқушысы шашқаны анықталды. Аталған факт бойынша жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!