Маңғыстауда былтыр қыркүйекте жоғалып кеткен үш баланың анасы аман табылды
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында өткен жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен келіншек аман-есен табылды.
Фото: lada.kz
16:34 16.02.2023
Былтыр 29 қыркүйекте шығып кетіп, содан бері үйіне оралмаған 28 жастағы Жәния Абдулаеваның табылғаны туралы LIDER.KZ ұйымының еріктілері хабарлады. Дегенмен келіншектің қайдан және қандай жағдайда табылғаны, осы уақыт ішінде қайда болғаны туралы мәліметтер айтылмаған.
Алайда Newtimes.kz порталының жазуынша, облыстық полиция департаменті әйелдің Ақтаудағы кафелердің бірінде даяшы және аспаз болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылғанын хабарлаған.
Еске салсақ, үш баланың анасы жоғалатын күні әріптесінің орнына жұмысқа баратынын айтқан. Ол сол кезде ауруханада медбике болып жұмыс істеп жүрген. Алайда келіншек медициналық мекемеге жетпей, Бейнеуден Ақтауға билет сатып алған. Оның билет сатып алған сәті вокзалдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Әйел телефонын өшіріп тастаған. Өзі үйінде 5, 4 және 3 жастағы үш баласын қалдырып кеткен.
Дереккөз: Azattyq Ruhy
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!