{metadescription}

Көкшетауда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, оператор қаза тапты

Көкшетауда жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, 35 жастағы оператор көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпанда Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасының аумағында болған.

Жанармай тасымалдайтын екі цистерна жанып кетті.

«Өрт 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылғы ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде