Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 36,1 мыңнан асты
16 ақпандағы жағдай бойынша, Түркияда жойқын жер сілкінісінен 36 187 адам қаза тапқан.
Фото: ашық дереккөзден
17:16 16.02.2023
Бұл туралы ТЖ салдарын жою басқармасынан (AFAD) мәлім етті.
AFAD мәліметінше, Кахраманмараштағы екі зілзаладан кейін 4 323 афтершок тіркелген. Түркия провинцияларында 108 068 адам зардап шегіп, 216 347 адам эвакуацияланды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркиядан 29 944 құтқарушы және басқа елдерден 11 488 адам тартылды.
AFAD, полиция, жандармерия, Ұлттық қорғаныс министрлігі, Ұлттық медициналық құтқару командасы (UMKE), жедел жәрдем бригадалары, еріктілер, жергілікті қауіпсіздік күштері мен қолдаушы топтарды ескере отырып, апат салдарын жоюға тартылған қызметкерлер саны 253 016 адамға жетті.
Апат болған ауданға 12 мың 513 арнайы техника жеткізілді, соның ішінде эвакуаторлар, крандар, бульдозерлер, жүк көліктері, су таситын көліктер, тіркемелер және тағы басқалар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!