Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылды.
Фото: aa.com.tr
20:13 16.02.2023
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Алейна Олмез есімді бойжеткен Кахраманмараш қаласындағы Каябашы ауданындағы тұрғын үйдің қирандыларының астында 11 күн бойы жатқан.
«Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді», - делінген хабарламада,
Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр.
Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!