{metadescription}

Үкімет Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын жөндеу үшін 7,1 млрд теңге бөлмек

Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге Үкімет резервінен 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінбек.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге трансферттер түрінде аудару үшін 7 010 773 250 теңге сомасында қаражат бөлінсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде