Медеу мұз айдыны уақытша жабылады
Алматыда 18-24 ақпан кундері конькимен жүгіруден ҚР Кубогының финалдық кезеңіне дайындық жүргізілуіне байланысты Медеу мұз айдыны жабылып, жаппай сырғанау тоқтатылады.
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
13:18 17.02.2023
Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасынан мәлім етті.
Ведомствоның мәліметінше, жарыс жанкүйерлері үшін мұз айдынына кіру ашық болады.
«21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады»,- деп хабарлады қалалық спорт басқармасынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!