{metadescription}

2023 жылы үш мың шақырым жергілікті маңыздағы жолдар жөнделеді

Биыл бірқатар ауқымды теміржол жобалары жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

«Кейінгі 3 жылда 8 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолдар салынды әрі жөнделді, сондай-ақ 9,5 мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Нәтижесінде, стандартты жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 91 процентке дейін, жергілікті желіде 85 процентке дейін артты. 2023 жылы 7 мың шақырым республикалық маңызы бар жолды және 3 мың шақырым жергілікті желілерді қайта салу және жөндеумен қамту жоспарланған», - деді Р. Скляр Сенаттағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасы аясында стандартты жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100% және жергілікті желідегі автомобиль жолдарының үлесін 95% процентке жеткізу міндеті қойылды.

Бұдан бөлек ол бірқатар ауқымды теміржол жобалары да жүзеге асырылатынын айтты.

«Жоспарланған шаралардың нәтижесінде транзит көлемі 30% пайызға артады. Жалпы, заманауи көлік инфрақұрылымын құру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, аймақтардың байланысын жақсартады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде