{metadescription}

Роман Скляр «Павлодарэнерго» басшысын жұмыстан кетіру себебін түсіндірді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесинді қызметінен босатуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

«Павлодарэнерго» басшысына қатысты айтатын болсам, мен акционерлерден оның қызметінен кетуін талап ете аламын. Осы орайда, тиісті талапты жеткіздім. Мұндай қадамға бірқатар мәселе себеп болды. Дәл қазір олардың апат салдарын жою кезінде қалай жұмыс істегені турасында, жауапкершілігі жайында айтқым келмей тұр», - деді Р. Скляр Сенаттағы парламенттік тыңдауда.

Еске сала кетейік, жақында Роман Скляр «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алды.

Бірінші кезекте Үкімет төрағасының бірінші орынбасары соңғы үйлерді және жалпы қаланы жылумен жабдықтауды реттеу мәселесі қалай шешілетінін сұрады. Алайда, «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры жауабы Р. Склярдың көңілінен шықпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде