Елімізде жануарларды азаптау фактілері артқан
Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарайтындар саны ұлғайып, заңсыз аулау көрсеткіші артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Pixabay
17:28 17.02.2023
Биыл қаңтарда елімізде жануарларға қатыгездік танытқан 5 жағдай тіркелді. Былтыр осы уақытта 8 жағдай болған.
Сонымен қатар балық аулау және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз өндіруге қатысты 11 жағдай тіркеліп отыр. Былтыр 9 іс тіркелген.
Одан бөлек, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жан-жануарлар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларға қатыгездік танытуға қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған.
Бір жыл бұрын 12 қылмыс тіркелген.
Биыл қаңтарда заңсыз аулау өткен жылға қарағанда 17-ден 12 жағдайға дейін азайған.
Жануарларға қатыгездікпен қарауға қатысты ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Павлодар облысында тіркелді.
Өткен қаңтар айында 3 жағдай (бір жыл бұрын еш жағдай тіркелмеген) болды.
Заңсыз балық аулау Қарағанды облысында жиі болған, бір айда 5 жағдай тіркелді.
Жетісу облысы заңсыз аң аулау бойынша ерекшеленіп, қаңтарда 3 құқық бұзушылық жасалды.
Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерге қаупі көбіне Ақтөбе облысында тіркелді.
Биыл қаңтарда 4 құқық бұзушылық болды, бұған дейін бір де бір жағдай болмаған.
Еске сала кетейік, Алматыда 8 ақпаннан бастап жануарларды аулау, уақытша ұстау, жою, сондай-ақ, үй жануарларын ұстау мен серуендетудің жаңа ережелері күшіне енді.
Жаңа қағидаға сәйкес қаңғыбас жануарларды аулағанада оларға ешқандай залал келмеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!