Мәжіліс сайлауындағы бюллетеньде партиялар қандай ретпен орналасады
Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды партиялық тізімдер бойынша тіркеуді аяқтады.
10:40 18.02.2023
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында жеребе тартылды, әр партияның өкілі бюллетеньдегі реттік нөмірін таңдады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудағы бюллетеньге партиялар мына тәртіппен енгізіледі:
1. Amanat партиясы;
2. "Ауыл" партиясы;
3. Respublica партиясы;
4. Қазақстан Халық партиясы;
5. "Байтақ" партиясы;
6. "Ақ жол" партиясы;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттығына Қазақстанда ресми тіркелген 7 партия кандидаттарын ұсынды.
69 депутаттық мандаттан 281 адам үмітті. Олардың орташа жасы - 45,7 жас.
Бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды тіркеу 18 ақпанда сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!