Түркияда зілзала құрбандарының саны 39,6 мыңнан асты
Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті.
Фото: Bernat Armangue/AP
11:26 18.02.2023
Бұл туралы CNN Türk телеарнасының эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу мәлімдеді.
Оның айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ведомство басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталғанын айтты.
6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!