15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
16:04 18.02.2023
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 26 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Атырау қ.: 19 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, тау асуларында күші 15- 20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Жетісу облысының тау және таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 19 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!