{metadescription}

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркиядан 19-ақпан күні қайтады

Республикалық жедел құтқару жасағының жетекшісі Владимир Цой қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркиядан 19-шы ақпан күні келетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Алматыға Түркиядан 38 адам келді. Олардың 33-і республикалық жедел құтқару жасағының сарбазы, 5 апаттар медицинасының дәрігері бар. Ертең осы бортпен Астанаға өзге де құтқарушылар келеді. Олардың арасында Қарағанды, Астана және Көкшетаудың құтқарушылары бар»,-деді ол.

Айта кетейік, бүгін, 18 ақпан күні Алматы әуежайына Түркиядан қазақстандық құқарушылардың алғашқы тобы келді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде құтқарушылардың Түркиядан оралған соң міндетті түрде марапатталатынын айтқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде