Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина жоспарлы екпелер қатарына енгізілмек
Адам папилломасы вирусына қарсы екпе міндетті әрі жоспарлы вакциналар тізіміне енгізілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14:26 19.02.2023
«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесінде адам папилломасы вирусы ауруына қарсы екпесі енгізілсін», - делінген Үкімет қаулысында.
Құжаты 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.
Қоса кетсек, бұған дейін елімізде 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын мәлімдеп едік.Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады. Вакцинация жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!