{metadescription}

Байқоңырдан Союз МС-23 ғарыш кемесі ұшырылады

Ұшырылуы кейінге қалдырылған «Союз МС-23» кемесін ғарышқа жіберу туралы шешім қабылданды, хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық ғарыш стансасының құрамына кіретін екі ресейлік кемелердің бұзылуынан кейін Роскосмос комиссиясы жаңа «Союз МС-23» ғарыш кемесін ұшыру алдында төтенше жағдайлардың барлық ықтимал себептерін тексеруге уақыт бөлгендіктен ұшыру кейінге қалдырылған.

«11 ақпанда халықаралық ғарыш стансасында болған «Прогресс МС-21» жүк кемесі жылуды басқару жүйесіндегі қысымды төмендеткеннен кейін Роскосмос кәсіпорындарының мамандары алынған телеметриялық ақпарат пен кеменің сыртқы бетінің суреттерін мұқият талдады. Сондай-ақ олар Байқоңырдың 254-ші учаскесінің монтаждау-сынақ корпусында орналасқан «Союз МС-23» ғарыш кемесіндегі радиаторды егжей-тегжейлі тексеріп, одан ешқандай ақау тапқан жоқ», - деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.

Нәтижесінде бас конструкторлар кеңесі мемлекеттік комиссияға іске қосуды ұсынды. «Союз-2.1а» зымыран-тасымалдағышын «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесімен ұшыру 2023 жылғы 24 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 06:34-те Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылады деп жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.