Ақмола облысында пойыз теміржолға шығып кеткен автокөлікті соқты, қаза тапқандар бар
Ақмола облысында теміржол өткелінде апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:04 20.02.2023
20 ақпан күні сағат 6.45-те Ақмола облысының Бурабай - Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен.
Төтенше жағдай салдарынан құрбан болғандар бар. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болды.
ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдері арқылы өту кезінде мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!