Министрлік Алматыда жарылған оператор көлігі туралы: Бүкіл қажетті көмек көрсетіледі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Алматыда оператордың екі бірдей көлігінің өртенуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: facebook.com
13:06 20.02.2023
Еске сала кетейік, кеше журналист Вадим Борейко өзімен бірге жұмыс істейтін оператордың екі көлігін белгісіз біреулер жарып жібергенін хабарлаған еді.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір Алматы қаласының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Тиісті сараптама тағайындалған.
«Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. Министрлік журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді» деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!