Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
16:02 20.02.2023
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,91 теңгеге көтеріліп, 447,68 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18-20 ақпандағы ресми бағамы - 444,23 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 446,89 теңге, сату – 450,51 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,83 теңгеден сатып алынып, 449,82 теңгеден сатылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!